15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыАҚШ Ресей мен Беларусьтен келетін тауарларға баж салығын енгізбеді, өйткені бұл елдерден АҚШ-қа өнім жеткізілмейді. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол басқа елдерді баж салығына қарсы шаралар қолданудан бас тартуға шақырды, себебі мұндай қадамдар шиеленісті ушықтыруы мүмкін екенін ескертті. Бұған дейін CNN-ге берген сұхбатында Бессент: «Бұл неге әкелетінін көрейік, себебі қарсы жауап берілсе, ол жағдайдың ушығуына әкеледі» деген болатын.
Министрдің айтуынша, сауда профициті (экспорт импорттан көп) бар елдер «сауда шиеленісінің кез келген түрінде әдетте ұтылады», сондықтан Бессент «ойланбай жасалған әрекет ақылға қонымсыз болар еді» деп есептейді.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт те Ресей, Беларусь, Куба және Солтүстік Кореяның жаңа тарифтер тізіміне кірмегенін хабарлады. Оның айтуынша, «бұл елдер қазірдің өзінде өте жоғары баж салығына тап болып отыр, әрі бұрын енгізілген санкциялар олармен мағыналы сауда жасауға кедергі келтіріп отыр». Сонымен қатар, Ливитт Ресейге қатысты «қосымша қатаң санкциялар» енгізілуі мүмкін екенін де жоққа шығармады.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады