29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми хат жолдап, 2025 жылғы 1 тамыздан бастап АҚШ-қа экспортталатын қазақстандық тауарларға 25 пайыздық тариф енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Аталған хат Трамптың жеке Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланды. Құжатта көрсетілгендей, егер қазақстандық кәсіпорындар өз өндірісін Америка Құрама Штаттарына көшіретін болса немесе онда зауыттар салып, өнім өндіруді қолға алса, бұл тариф қолданылмайды.
Егер сіздің елдегі компаниялар АҚШ аумағында өндіріс ашса немесе зауыт салса, онда тариф алынбайды. Бұған қоса, біз барлық рұқсаттарды қысқа мерзім ішінде – бірнеше аптада, кәсіби және жедел түрде рәсімдеуге бар күшімізді саламыз, – делінген хатта.
Осыған ұқсас хабарламалар Малайзия (25%), Лаос (40%), Оңтүстік Африка (30%), Мьянма (40%), Жапония (25%) және Оңтүстік Корея (25%) елдерінің көшбасшыларына да жолданған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек