30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстанды саяхат қауіпсіздігі бойынша ең төменгі қауіп деңгейі саналатын Level 1 санатына енгізді. Бұл санаттағы елдерге баратын туристерге кез келген шетелдік сапар кезінде сақталатын қалыпты сақтық шараларын ұстану ғана ұсынылады.
Қазақстанмен бірге бұл топқа Австралия, Канада, Жапония, Швейцария, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Польша, Норвегия және тағы бірнеше ондаған мемлекет, соның ішінде көршілес Өзбекстан мен Моңғолия кірген.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің саяхат қауіпсіздігі жөніндегі бағалау жүйесі төрт деңгейден тұрады.
Level 2 (сары түс) – сақтық шараларын күшейтуді білдіреді. Бұл санат терроризм, қылмыс секілді нақты қауіптерге байланысты белгіленеді. Танымал еуропалық бағыттардың басым бөлігі, соның ішінде Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия және Испания осы деңгейге жатады.
Level 3 (қызғылт сары түс) – елеулі қауіптің бар екенін көрсетеді және сапардың қажеттілігін қайта қарау ұсынылады.
Ал Level 4 (қызыл түс) – өмірге төнетін қауіптің ең жоғары деңгейі. Бұл санатқа Ресей, Украина, Беларусь, Ауғанстан, Иран, Сирия және тағы бірқатар мемлекет енгізілген.
Бұл Қазақстан үшін нені білдіреді?
Айта кетерлігі, бұл бүкіл әлем бойынша жасалған әмбебап қауіпсіздік рейтингі емес. Бұл – АҚШ азаматтарына арналған саяхат жөніндегі ресми ұсыным.
Соған қарамастан, бағалаудың өзіндік маңызы бар. АҚШ Мемлекеттік департаментінің бағалауында Қазақстан ондаған жыл бойы туристер үшін қауіпсіз әрі тұрақты ел ретінде танылып келе жатқан мемлекеттермен бір санатқа кірді.
Қызығы, Еуропадағы жыл сайын миллиондаған турист баратын бірқатар танымал бағыт АҚШ Мемлекеттік департаментінің бағалауында Қазақстанға қарағанда қауіп деңгейі жоғары елдер ретінде көрсетілген.
Осы бағалауға сәйкес, Қазақстан АҚШ азаматтары үшін тұрақты әрі қонақжай туристік бағыт ретінде сипатталады. Яғни елге сапар кезінде артық алаңдауға негіз жоқ.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды