Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАҚШ президенті Дональд Трамп Қатармен 1 триллион доллардан асатын экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Трамп Қатармен құны кем дегенде 1,2 триллион долларды құрайтын экономикалық алмасу жөніндегі келісімге қол қойды, – делінген Ақ үй таратқан мәліметте.
Ақ үй әкімшілігінің мәліметінше, келісім аясында Қатар америкалық Boeing компаниясынан 210-ға дейін 787 Dreamliner және 777X үлгілеріндегі ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл келісімнің жалпы құны 96 миллиард долларды құрайды.
Сонымен қатар, Қатар АҚШ-тан құны шамамен 2 миллиард долларға бағаланатын MQ-9 Reaper атты барлау және соққы жасауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алуды көздеп отыр.
Келісім шеңберінде АҚШ тарихында алғаш рет шетелге Raytheon компаниясының Fixed Site – Low, Slow, Small Unmanned Aerial System Integrated Defeat System (FS-LIDS) жүйелерін сату да жоспарланған. Бұл жүйелер дрондарға қарсы күреске арналған және олардың құны 1 миллиард долларды құрайды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?