Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан мен АҚШ арасындағы Адам құқықтары жөніндегі диалогтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Арнаулы өкілі Ержан Қазыхан және АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеяның тең төрағалығымен Қазақстан мен АҚШ Адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі жыл сайынғы диалогтың екінші отырысын өткізді.
Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені одан әрі демократияландыру және адам мен азамат құқықтарының конституциялық кепілдіктерін нығайту жөніндегі бағдарламасын іске асыру барысын сындарлы түрде талқылады. Америкалық тарап Мемлекет басшысының ауқымды реформаларын жүзеге асыруды толық қолдайтынын тағы да растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтары саласындағы нәтижелі өзара іс-қимылды жалғастыру бойынша ниетін құптады және Бірлескен мәлімдемені қабылдады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары