Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Израиль келісім бермейінше, Палестина мемлекетінің құрылуы мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы ол Fox Radio радиостанциясына берген сұхбатында мәлімдеді. Анадолының жазуынша, Марко Рубио бірқатар Батыс елдерінің Палестинаны мойындауы — орынсыз және мәнсіз қадам.
Бұл ештеңе өзгертпейді. Мұның мағынасы жоқ, - деді Рубио.
Ол Палестинаны мойындаған елдерді ХАМАС-пен ынтымақтастықта айыптап, бұл әрекеттер «террористік ұйымды марапаттау» деп бағалады. Сонымен қатар, бұл елдердің Палестина мемлекетінің шекарасы қайда болатынын және оны кім басқаратынын білмейтінін айтып, олардың шешімі кері әсер беруі мүмкін екенін ескертті.
Рубио сондай-ақ, Ұлыбританияның егер қыркүйекке дейін бітім болмаса, Палестинаны мойындаймыз деген мәлімдемесін сынға алды. Оның пікірінше, мұндай ұстаным келіссөздер процесіне зиян келтіреді.24 маусымда Франция президенті Эммануэль Макрон БҰҰ Бас Ассамблеясының қыркүйектегі сессиясында Палестинаны мойындау ниетін мәлімдеді.
Сондай-ақ Канада, Мальта және Ұлыбритания билігі Палестинаны мойындауға дайын екенін жеткізді. Ресми шешімдер БҰҰ жиыны кезінде жариялануы мүмкін.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады