28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарRho Motion консалтинг компаниясы биыл қаңтар мен қазан аралығындағы электромобиль мен қосылатын гибрид саудасын есептеді. Он ай ішінде 16.5 млн көлік иесін тапқан, бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда едуір көп, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Нарықтағы сөзсіз көшбасшы ел - Қытай (10.3 млн, +22 %), одан кейін Еуропа (3.4 млн, +32 %), Солтүстік Америка (1.6 млн, +4 %) және қалған елдер (1.3 млн, +48 %) тұр.
Сауда қарқынына қарап әлемдегі екінші ірі автонарықта электрлі күштік құрылымы бар автомобильге қызығатындар азайды десе болады. Бұған АҚШ билігінің салықты алып тастауы кері әсерін тигізіп отыр. Сондай-ақ, іштен жанатын қозғалтқышы бар көлікке экологиялық талапты жұмсартуы себеп болуы мүмкін. Канада билігі де халықты электромобиль алуға ынталандырып жатқан жоқ.
Ford-тың Mach-E, F-150 Lightning және E-Transit сияқты модельдерінің саудасы қазанда 60 % құлдыраса, Hyundai мен Kia-ның көрсеткіші 77 %. Honda Prologue клиенттерінің 83 %-ын жоғалтты, Subaru Solterra-ға сұраныс 97 % кеміді. Қазанда автосалондар 100 370 электромобиль мен гибридтің кілтін табыстады.
Еуропада Германия, Италия және Ұлыбританияда өсім байқалды. Қазанда 372 786 электромобиль мен гибрид өткен, 2024 жылға қарағанда нәтиже 36%-ға жоғары.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?