Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАҚШ-та иммиграциялық мәртебесі жоқ қазақстандықтарға өз еркімен елге оралу туралы ескерту жасалды. Бұл үшін оларға тегін ұшақ билеті мен 1000 АҚШ доллары көлемінде бір реттік қаржылай көмек беріледі. Бұл туралы Қазақстанның Америкадағы елшілігі хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі шетелдіктерге арналған жаңа ерікті қайту бағдарламасын іске қосты. Елшілік осы мүмкіндікті Америкада заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарына пайдалануға кеңес беріп отыр.
Өз еркімен елге қайту туралы шешім қабылдаған азаматтардың ұшу билеті толық төленеді. Сонымен қатар, елге оралғаннан кейін оларға $1000 көлемінде қаржылай көмек беріледі, – делінген елшілік таратқан ресми ақпаратта.
Бағдарлама аясында кету — қамауға алыну қаупін болдырмаудың ең қауіпсіз әрі үнемді жолы екені атап өтілді. Елшілік АҚШ-та түрлі себеппен заңсыз жүрген азаматтарға осы бағдарламаны қарастырып көруге кеңес беріп отыр.
Бұл бастама қазіргі жағдайды заңды жолмен реттеуге және болашақта АҚШ-қа кіру құқығын сақтау үшін маңызды қадам болуы мүмкін, – деп хабарлайды дипломатиялық өкілдік.
Бағдарламаға қатысу үшін CBP One мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру қажет.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі