28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАҚШ билігі 43 мемлекеттің азаматтарына елге кіру ережелерін күшейтуді көздейтін жаңа жоспар әзірледі. Бұл туралы The New York Times басылымы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа жобаға сәйкес, елдер үш санатқа бөлінбек: «қызыл», «қызғылт сары» және «сары».
«Қызыл» тізімде 11 мемлекет бар, оның ішінде Ауғанстан, Бутан, Куба, Иран, Ливия, Солтүстік Корея сынды елдер аталады. Бұл елдердің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толықтай тыйым салынады.
«Қызғылт сары» тізімге 10 ел енген, олардың қатарында Ресей мен Беларусь те бар. Бұл мемлекеттердің азаматтары үшін АҚШ-қа кіру қатаң шектеледі, алайда, ірі бизнесмендер мен инвесторларға ерекше рұқсат берілуі мүмкін.
«Сары» тізімде 22 ел көрсетілген. Бұл санатқа жататын мемлекеттердің азаматтарына біршама жеңілдетілген шектеулер бар. Көбінесе, бұл елдер Кариб аймағы мен Африкаға тиесілі.
Қазіргі уақытта АҚШ билігі бұл өзгерістерді іске асыру мерзімі мен нақты талаптарын талқылап жатыр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?