28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстан мен АҚШ арасындағы жаңа келісім аясында Алматы қаласында АҚШ-тың консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін 49 жыл мерзімге жер телімі жалға беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шешімді ҚР Мәжіліс депутаттары ратификациялап, екі ел арасындағы үкіметаралық келісімді заңдастырды. Құжатқа 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында қол қойылған.
Келісімге сәйкес, жалға берілетін жер телімінің ауданы 70 593 шаршы метр, ал жалдау мерзімі 49 жылды құрайды. Жалдау ақысы 25,3 миллион АҚШ доллары көлемінде белгіленіп, ол келісім күшіне енген сәттен бастап 30 күн ішінде бір реттік төлем ретінде төленуі тиіс. Бұл келісім Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен халықаралық серіктестігін көрсететін маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалануда.
Айта кетерлік жайт, АҚШ үкіметі бұл учаске үшін жалдау ақысынан бөлек, басқа салықтар мен төлемдерден босатылады. Алайда консулдық ғимаратты күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерге төлем жасау және жөндеу жұмыстары үшін шығындарды өзі көтеруге міндеттеледі. Бұл төлемдер Қазақстан аумағында белгіленген нормативтер мен тарифтерге сәйкес жүргізіледі.
Сонымен қатар, АҚШ консулдығының құрылысын жүргізу үшін негізгі мердігер ретінде АҚШ-та тіркелген құрылыс компаниясы жұмыс істейтін болады. Құрылыста пайдаланылатын құрылыс материалдары, жабдықтар мен тауарлар АҚШ-та өндіріліп, олар кедендік төлемдер мен импорт салықтарынан, сондай-ақ рұқсат алу рәсімдерінен босатылады.
Бұл келісім екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетіп, Алматы қаласындағы дипломатиялық инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?