Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы облысында ТЖМ құтқарушылары Ақсай шатқалында қураған шөпті алқаптағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өрт Алматы облысы Қарасай ауданының Көклайсай саяжайлары ауданында тіркелген. ТЖМ мәліметінше, өрттің ауданы 5 гектарды құрап, зардап шеккендер болмаған.
Жақын маңдағы саяжай учаскелерінің тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тұрғын үйлер мен іргелес аумақтарға өрттің таралу қаупі тез арада жойылды. Өрт сөндіру жергілікті жердің күрделі рельефімен және ауа-райы жағдайларымен күрделенді. Өрт сөндіруге ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» су ағызу құрылғысы бар Ми-8 тікұшағы тартылды, - деп жазылған министрлік мәліметінде.
Айта кететін жайт, аталған өрт салдарынан 6 құрылыс зардап шеккен. Оның ішінде 35 шаршы метр аумақтағы 2 саяжай үйі, 21 шаршы метр аумақтағы 3 ашық шатыр және 20 шаршы метр аумақтағы монша жанып кетті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді