12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚарағандылық полицейлер аққуды атқан браконьерді қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облыстық полиция департаменті табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлеріне Шет ауданынан Қарағанды қаласына бағыт алған жол талғамайтын көлік иесі Қызыл кітапқа енген құсты атып өлтірді деген ақпарат түсті. Полиция қызметкерлерімен бірден аталған көлікті анықтау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. Заңсыз құс атып алды деген көлікті тәртіп сақшылары қалаға кіре берісте байқады. Кейін патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күдікті көлікті артынан аңдып отырып, Нұркен Әбдіров көшесімен Гоголь көшесінің қиылысында 31 жастағы азаматтың басқаруында ұстады.
Полиция қызметкерлерімен көлікке жүргізілген тексеріс барысында жүк салғыш бөлігінен аққудың өлексесі тәркіленді. Көлік жүргізушісі аққуды шет ауданында атып алғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабына (Заңсыз аңшылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Шығын көлемі анықталып жатыр, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер