12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстандағы білім беру саласындағы зерттеу жұмыстарымен айналысатын "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ атауын өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құжатта Ақпараттық талдау орталығының қазіргі таңда "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінің көрсеткіштері негізінде білім беру саласындағы зерттеу қызметімен айналысады, талдау жұмыстарын жүргізеді және Білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы ұлттық баяндаманы әзірлейтіні жазылған. Орталық сонымен қатар Қазақстанда білім сапасын бағалаудың халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне (PISA, PBTS, TALIS, TIMSS, ICILS, PIRLS) қатысуы арқылы білім сапасын бағалауды жүзеге асырады.
"Осыған байланысты орталықтың қызметін өз атауында көрсету мақсатында, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының ағарту ісіндегі тарихи рөлін ескере отырып, орталық атауын "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы деп өзгерту ұсынылады" делінген қаулы жобасында.
Қаулы жобасы 5 желтоқсанға дейін қоғам талқылауында болады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер