29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«ҚР кейбір заңнамалық актілерге ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырыс аясында жұмыс тобының мүшелері мына мәселелерді талқылады.
• Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарындағы есептердің жобаларына, сондай-ақ, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларына (уақыт бойынша) ешқандай шектеусіз қолжетімділік жасау (қазір құжаттар 30 күнге жарияланады);
• қоғамдық тыңдауларды отырыстар негізінде ғана емес, интернет-конференциялар түрінде де өткізу;
• құрамында полихлордифенил бар жабдықтарды есепке алу тізілімін ашық қолжетімділікте жариялау;
• жергілікті атқарушы органдарға суды пайдалану жөніндегі ақпаратты тұрақты түрде орналастырып тұруды міндеттеу.
Сонымен бірге мүгедектігі бар адамдардың өкілдері мемлекеттік тілде сөйлеу синтезі мен аудиодескрипцияны енгізуді ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Орхус конвенциясына және БҰҰ Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға қатысушы ел.
Заң жобасы азаматтық сектор және сарапшылар қауымдастығының мүдделі өкілдерімен тығыз талқыланып жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек