Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комиссия мүшелері Ұлытау, Жетісу, Абай және Маңғыстау облыстары әкімдіктері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептерді тыңдады.
Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасын, сондай-ақ мүгедек адамдардың қазақ тіліндегі контент пен мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мәселесін талқылады.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға қызметтің ақпараттық ашықтығын және мүгедек адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейту тапсырылды.
Ғылым және жоғары білім министрлігіне келесі отырыста Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының ("Мемлекеттік тілдегі инновациялық IT-жобаларды және тілді ақпараттық насихаттау жобаларын, оның ішінде 2024-2029 жылдарға арналған мүгедектер үшін әзірлеу және шығару") 60-тармағының іске асырылу барысы туралы баяндау тапсырылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары