Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына Рахымжан Ержанұлы Исақұлов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Рахымжан Исақұлов еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің референті болып бастаған.
2012 жылғы ақпан айынан бастап 2018 жылдың тамыз айлары аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің консультанты, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің консультанты, инспекторы; Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.
2018 жылғы тамыздан бастап 2020 жылғы маусым аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болды.
2020 жылғы маусымнан бастап 2020 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болған.
2020 жылғы қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін Астана қаласы әкімінің аппаратының басшысы лауазымын атқарды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады