Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАзаматтарды дұрыс ақпаратқа сенуге шақыру, өзгеріске бастау - журналистика мен медианың басты миссиясы. Бұл туралы Astana Media Week шарасының ашылуында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды El.kz
«2021 жылдың деректері бойынша 16-64 жас аралығындағы интернет пайдаланушылардың 63%-ы интернетті негізінен ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін пайдаланған. Осылайша, интернеттегі жаңалықтар мен визуалды контент ақпаратты қабылдаудың негізгі арнасына айналды. Біздің дәстүрлі медиа, әсіресе, баспа басылымдары мұны қаперде ұстауы тиіс.
Сонымен бірге тәуліктік жаңалықтар циклы мен әлеуметтік желілер жаңа кезеңнің пост-шындық дәуірінің пайда болуына әсер етті. Осындай жағдайда ақпарат жинау, оны сараптау мен тарату аса маңызды жауапкершілік жүктейді.
Сондықтан әлемдік «бас ауруға» айналған ақпараттық адасушылық кезінде азаматтарға ой салу, оларды дұрыс ақпаратқа сенуге шақыру, өзгеріске бастау журналистика мен медианың басты миссиясы», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары