28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тиісті бұйрыққа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қол қойып, өзгеріс 30 қаңтардан бастап күшіне енді.
Қазақстандық жанармай қауымдастығының мәліметінше, 1 ақпаннан бастап мұнай өнімдерінің көтерме бағасы артты. Бұл өзгеріс ай соңына қарай жанармайдың бөлшек бағасына да әсер етуі мүмкін.
Ресурс иелері, соның ішінде нарықтың 80%-ын бақылайтын KC Energy Group пен "ҚазМұнайГаз", 1 ақпанда көтерме бағаны өсірді. Орташа есеппен алғанда, АИ-92 бензині мен дизель отынының көтерме бағасы 1 литріне 4 теңгеге қымбаттады. Осыған байланысты ақпанның соңына дейін жанармайдың бөлшек бағасы да 4 теңгеге көтеріледі, – деп түсіндірді қауымдастық.
Қауымдастық өкілдері баға өсімінің 80%-ы (3 теңге) мемлекеттік бюджетке акциз ретінде алынатынын атап өтті. Бұл салықтық түсімдерді арттырғанымен, қарапайым тұтынушыларға жанармай бағасының қымбаттауы әсер етеді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?