6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҮкіметтің баспасөз брифингінде елімізде ядролық кластер құру үшін бірнеше АЭС қажет екені айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші атом электр станциясының қажеттілігін түсіндірді. Сәтқалиев журналистерге берген жауабында Қазақстанда тағы бір атом электр станциясын (АЭС) салудың маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы бүгін ядролық кластер құру туралы тапсырма берді. Ядролық кластер – бұл еліміздің мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану деген сөз. Мұнда уран өнімдерін өндіру, құрастыру және ғылыми әлеуетімізді іске асыру қамтылады. Осы әлеуетті толыққанды жүзеге асыру үшін бірнеше атом электр станциясының ресурстары қажет, – деді министр.
Сондай-ақ министр Президент тапсырмаларына сәйкес жұмыс атқарып жатқанын жеткізді.
Бүгін біз екінші станцияға арналған орынды анықтау бойынша нақты тапсырма алдық. Аймақты таңдауда біз энергия балансының болжамына сүйенеміз, – деді брифингте.
Министр бұл бағыттағы жұмыстардың ашық жүргізілетінін және ақпараттың жарияланып отыратынын атап өтті. Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгінгі отырыста Үкіметке АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырған болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі