30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген оқушылар Ақордада қонақ болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына оқу үздіктері, пән олимпиадаларының, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, спорт сайыстарының жүлдегерлері, батыл әрекетімен көзге түскен балалар келді. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында көпбалалы отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше қажеттілігі бар жеткіншектер де болды.
Экскурсия кезінде оқушылар Ақорданың орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған залдарды, Мемлекет басшысының кітапханасын, сондай-ақ резиденция аумағындағы бақты аралады.
Экскурсоводтар ғимарат құрылысының тарихы, оның ерекшеліктері мен мұнда өтетін іс-шараларға байланысты қызықты фактілер жайында мәлімет берді.
Сонымен қатар оқушыларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Өңірлерден келген балалар елорданың көрікті орындарын да аралайды.
Биыл Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар алгоритмі «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасына сай түзілді. 22 мамырдан басталып 1 маусымға дейін жалғасатын онкүндік аясында отбасы, қауіпсіздік, денсаулық, білім беру, бала құқығын қорғау секілді маңызды мәселелерге баса назар аударылды.
Ел аумағында отбасылық, ағартушылық, қайырымдылық бағыттарындағы рәсімдер, көрмелер, спорттық турнирлер, экологиялық акциялар, дәрігерлер мен психологтардың қабылдаулары ұйымдастырылды. Декаданың бір күні цифрлық технологияларды ілгерілетуге және цифрлық ортада балаларды қорғауға арналды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды