12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікКеше түнде ауа-райының нашарлауына байланысты «қатты аяз» салдарынан «Екатеринбург - Алматы» автожолынан құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлерімен 62 адамды жолаушылар автобусынан эвакуациялады, оның ішінде 8 бала, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша, Ресей Федерациясының 10 азаматы, Өзбекстан Республикасының 10 азаматы және Тәжікстан Республикасының 42 азаматы Көкшетау қаласының әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды, зардап шеккендер жоқ.
Сағат 21.57-де Ерейментау қаласының № 24 өрт сөндіру бөліміне Жол полициясы қызметкерінен Астана-Павлодар тас жолында 187 шақырымға «Сарыағаш-Новосібір» рейсімен жолаушылар автобусы бұзылғаны туралы, онда 11 адам оның ішінде 5 баланы эвакуациялау қажеттігі жөнінде телефон хабарламасы түседі. Құтқарушылар дереу шақыру орнына барып, Өзбекстан азаматтарын «Ерейментау қаласының агротехникалық колледжі»-ндегі жылыту пунктіне эфакуиациялаған болатын.
Сонымен қатар, Атбасар ауданында, Бастау а. дизель отынының қатып қалуына байланысты жүк көлігі жолда тұрып қалған. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен Қырғызстан Республикасының төрт азаматтары жылыту пунктіне орналастырылды. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар автожолдан Аршалы ауданында төрт адам және бір автобус орналастырылды. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын жолдардың жабылуы туралы СМС хабарлама алған кезде жолға шықпауларын сұрайды.
Жолдардың жабылуы және ауа-райы туралы ақпаратты «Дәрмен» қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша білуге болады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер