Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрГерманияның Франкфурт-на-Майн қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында Ақмола облысының этно-фольклорлық «Орда» ансамблінің концерті өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңір басшысы Марат Ахметжанов ұжымның шығармашылығымен арнайы танысып, өнерпаздардың кәсіби деңгейін жоғары бағалап, олардың халықаралық мәдени жобаларға қатысуының маңызың атап өтті.
«Орда» этно-ансамблі — Ақмола облыстық Үкілі Ыбырай атындағы филармониясы жанынан 2024 жылы құрылған жаңа шығармашылық ұжым. Ансамбльдің басты мақсаты — қазақтың музыкалық мұрасын заманауи өңдеуде кеңінен насихаттау. Ұжым құрамында — дәстүрлі және қазіргі заманғы музыкалық аспаптарда шебер ойнайтын жеті дарынды мультиинструменталист өнерпаз бар.
Франкфурт қаласындағы бұл концерт — ансамбльдің алғашқы ауқымды халықаралық гастрольдік жобасы болмақ. Шара барысында қазақтың халық әуендері мен неміс сахнасының нәзік эстетикасы үйлесім тауып, көрермендерге өзгеше музыкалық сапар ұсынады.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, мұндай шығармашылық ұжымдардың халықаралық деңгейде өнер көрсетуі — ұлттық болмысымызды әлемге танытуға, мәдени дипломатияны нығайтуға зор үлес қосады:
Ақмолалық өнерпаздардың халықаралық сахнада өнер көрсетуі — біз үшін үлкен мәртебе. Бұл — халқымыздың бай мәдениеті мен төл дәстүрін әлемге танытудың тамаша мүмкіндігі. Сахна саңлақтары өте талантты, біз сіздермен мақтанамыз және сәттілік тілейміз, - деді Марат Ахметжанов.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова