Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Полицейлер көршілерінің үйінен 20 миллион теңге ұрлаған ақмолалықты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмолалық полицейлер 26 ақпан күні Қосшы қаласында ірі пәтер ұрлығын тіркеді. Жәбірленушінің мәлімдемесіне сәйкес, ол бір жыл бойы 20 млн теңге көлемінде ақша жинап, жатын бөлмесінде сақтаған. Ұрлық болған күні өтініш берушінің өзі де, отбасының басқа мүшелері де үйде болмаған, ал оқиға болған жерді тексеру барысында қандай да бір бұзып кіру іздері табылмады, күдікті үйге кілттердің телнұсқасын пайдаланып кірген.
Ұрлық фактісін полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Дереу жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде келесі күні Қосшы қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері өтініш берушінің көршісін Қарағанды қаласының аумағында қолға түсірді. Қазіргі уақытта ұрланған қаражаттың бір бөлігі тәркіленді.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік