Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқмола облысы Бестөбе ауылында алты баланың анасы өз үйінде белгісіз жағдайда көз жұмды. Марқұм болған 34 жастағы келіншек жетінші сәбиіне жүкті болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. @nayzakokshe жазуынша, оқиға жұма күні кешкі уақытта болған. Келіншектің туыстарының айтуынша, жүктілік мерзімі 34 апталық әйел шаршап тұрғанындықтан аздап тынығып алмақ болғанын айтыпты. Бірақ содан оянбаған. Үйде жолдасы, кәмелет жасына толмаған балалары мен ата-анасы болған. Өлім себебі нақты белгісіз. Мәйіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы жүкті әйелдің қайтыс болғанын растады. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына келгенде әйелдің биологиялық өлімін анықтаған. Алдын ала болжам бойынша келіншектің өліміне жедел жүрек-тамыр жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін.
Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?