Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыАқмола облыстық балалар ауруханасының балалар хирургтары төрт жасар баланың ішегінен 39 магниттік шарды алып шығып, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 қаңтарда науқас шұғыл түрде Зерендіден балалар ауруханасына жеткізілген. Жағдайы күрт нашарлаған баланың іші қатты ауырсынып, қайта-қайта лоқсығарн. Рентген аппаратымен тексеру кезінде науқастың ішегінен көптеген бөгде заттар анықталған.
Балалар хирургы Сәлімжан Жақыповтың айтуынша, операция шамамен бес сағатқа созылған.
Баланың тоқ ішегі мен аш ішегі зақымдалып, перфорация мен перитонит тудыратын 39 магниттік шарик болды. Бөгде заттарды алып тастау және оның салдарын жою ауыр зақымдануға байланысты күрделене түсті,-деді дәрігер.
Операцияны хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ернар Қожабеков жүргізіп, оған тәжірибелі мамандар көмек көрсеткен. Дәрігерлердің біліктілігі мен уақытылы араласуының арқасында баланың өмірі сақталып қалды.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды