6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқмола облысында такси жүргізушісі жолаушыға дене жарақатын салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, 30 тамыз күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны арыз қалдырған. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы трассаның жанармай құю станцияларының бірінің жанында болған кезде такси қызметін көрсеткен Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі өтініш берушіге дене жарақатын салғаны алдын ала анықталды.
Оқи отырыңыз:
Жанжал салдарынан жолаушы аяқ табанының сынуымен облыстық ауруханаға барған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері адамды анықтап, оның бұл іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Өзге тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сараптама тағайындалды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі