22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАқмола облысында көктемгі су тасқынының қарқыны басталды. Жергілікті құзырлы органдар жедел әрекет етуді бастады. Тасқын судың алдын алу үшін техникалар толық қуатында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мамандардың бағалауынша, биылғы су тасқыны кезеңі ауа райының күрделілігіне қарамастан, тұрақты өтуде.
Облыс әкімдігі күннің күрт жылынуы қардың еруін жеделдетіп, Есіл, Жабай және Нұра өзендерінде мұз қабатының әлсіреуіне әкелгенін, бұл қар суының ағуын күшейткенін атап өтті.
Елдімекендерді су басу қаупінің алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдануда. Қазірдің өзінде үш миллион текше метрден астам қар шығарылып, 300 мың текше метр еріген су сорылды. Тұрғын үйлерді қорғау мақсатында 25 мың қап инертті материал төселді. Сондай-ақ, өзендердегі мұз кептелісінің алдын алу үшін 25 мың шаршы метр аумақта жару жұмыстары жүргізілді. Бұл су ағысының еркін қозғалуына және мұз бөгеттерінің пайда болу қаупін азайтуға көмектеседі.
Көктемгі еріген қар суының деңгейі көтерілуі автожолдарға да әсер етті. Алайда биылғы су тасқыны елдімекендерге қауіп төндірмейді. Су деңгейі төмендегеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары дереу жүргізілуде. Мысалы, Щучинск – Степняк – Уәлиханов тас жолындағы қозғалыс қысқа мерзімде қалпына келтірілді.
«Қазгидромет» мәліметінше, су тасқынының белсенді кезеңі 24 наурыздан кейін басталады.
Осыған байланысты облыстағы барлық күштер мен техника күшейтілген режимге ауыстырылды. Құтқару шараларына Астана, Қарағанды және Алматы облыстарынан келген ТЖМ бөлімшелері мен Ақмола облысының аумақтық қорғаныс қызметкерлері жұмылдырылды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар ауа райы жағдайына және болжамдарға сәйкес уақытылы түзетіліп отырады. Жағдай өңірлік биліктің ерекше бақылауында,-деп атап өтті әкімдіктен.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев