Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқмолада полицейлер вейп саудасын тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
10 желтоқсан күні Степногорск қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында құқық қорғау органдары заңсыз электронды темекі құрылғыларын сатумен айналысқан тұрғынды анықтады. Қала үйлерінің бірінде жасырын сауда ұйымдастырған 40 жастағы азаматша полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сауда нүктесін тексеру барысында тәртіп сақшылары 200 дана электронды темекіні тәркіледі. Бұл шамамен 2 млн теңгенің өнімі. Тергеу нәтижесінде күдіктінің маусым айынан бастап заңсыз кәсіппен айналысып келгені белгілі болды. Ол өз әрекетінің заңға қайшы екенін мойындады. Ақмола облысының полиция департаменті тұрғындарға заң талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Электрондық темекілердің заңсыз айналымына қатысу қайғылы салдарға алып келуі мүмкін екенін ерекше атап өтті.
Құқық қорғау органдары азаматтарды мұндай әрекеттерден бас тартып, заңды жауапкершіліктен сақтануға шақырады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары