Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАқмола облысындағы Сандықтау ауданында спорт саласы қарқынды дамуда. Оқу орындарында спорттық құрал-жабдықтарды жаңарту жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ жаңа спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, аудан халқының жартысына жуығы жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысады. Өткен жылдың өзінде ауданнан спорт шебері, 15 спорт шеберіне үміткер, бірінші разрядты 5 спортшы және 95 бұқаралық разрядты спортшылар шықты.
Облыстық бюджеттен Балкашинодағы шаңғы-роллер трассасының күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді. Сондай-ақ көпфункционалды спорт алаңдарын орнату және жабық хоккей кортының құрылысына бюджеттік өтінімдер берілді, – деді Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сауле Жайылғанова.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ауданда «Болашақ» спорт-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Онда футзал, жүзу, қолмен күрес, айкидо, волейбол, баскетбол және фитнес жаттығулары бойынша спорттық секциялар өткізіледі. Ал халықты жүйелі түрде дене шынықтыру және спортқа тартумен айналысатын негізгі спорт ұйымы – Сандықтау мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі. Бұл мектепте 760 оқушы 8 спорт түрімен айналысады.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды