30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАқмола облысында ДНҚ талдауы 23 жыл бұрынғы кісі өлімін ашуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ақмола облысының криминалдық полиция қызметкерлері ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбектің арқасында 2002 жылдың 4 қазанында жасалған қатыгез қылмыстың бетін ашты.
23 жыл бұрынғы қылмыстың құрбаны – 1973 жылы туған Ақкөл қаласының тұрғыны. Ол кешкі уақытта көшеде бейтаныс адаммен жолығып, сол күйі үйіне оралмаған. Келесі күні әйелдің денесі жергілікті стадион маңындағы қоғамдық дәретханадан табылды. Марқұмның денесінде көптеген жарақаттар болған.
Оқиға кезінде жедел-іздестіру шаралары шұғыл түрде жүргізіліп, күдіктінің биологиялық ізі алынғанымен, ол кезде қылмыскердің жеке басын анықтау мүмкін болмаған еді. Қатыгез қылмыс осылайша ұзақ уақыт ашылмай қалды. Арада жылдар өтсе де, жедел уәкілдер қылмыстық істі қайта-қайта қарап, дәлелдемелерді жіті зерттеуді тоқтатпады. Заманауи молекулалық-генетикалық сараптаманың көмегімен күдіктінің ДНҚ-профилі анықталып, жаңа деректерге қол жеткізілді.
2025 жылдың 2 қазанында ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен полицейлер арнайы операция жүргізіп, кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен 60 жастағы Ақкөл қаласының тұрғынын ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлердің айтуынша, бұл істің ашылуы – "ешбір қылмыс жазасыз қалмайды" деген қағидаттың айқын дәлелі. Жедел уәкілдер алдағы уақытта да өткен жылдардағы ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу бағытындағы жұмыстарын жалғастыра бермек.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды