2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБиыл Қазақстан ауқымды статистикалық науқанға – ұлттық ауылшаруашылығы санағына дайындалып жатыр. Бұл маңызды шара алдағы жылдары аграрлық саланың қалай дамитынына тікелей әсер етпек. Әсіресе ел халқының жартысынан астамы ауылшаруашылығымен айналысатын Ақмола облысы үшін бұл санақтың маңызы ерекше, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Санақтың басты мақсаты – елдің ауылды қаймақтарында нақты не болып жатқанын шынайы әрі толық көрсету. Атап айтқанда ауылда кім қандай шаруамен айналысады, кімнің қанша жері, техникасы, малы бар, қандаймәселелері бар және мемлекеттік қолдауды кімгеқалай бағыттау қажет екенін анықтау мақсатында.
Бірінші кезең 2025 жылдың маусым айында басталады. Бұл кезде интервьюерлер алдын ала дайындық жүргізіп, ауыл тұрғындарымен жұмысқа кіріседі. Негізгі кезең – 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді. Бұл кезеңде ірі ауылшаруашылығы кәсіпорындарынан бастап, шағыншаруашылықтарға дейін түгел қамтылады.
Азаматтарға деректерді тапсырудың екіжолы ұсынылады: sanaq.gov.kz порталында онлайн түрде немесе интервьюер арқылы.
Әкімдіктігелір бүгінде өңірде жұмыс топтары құрылып, қызметкерлерге оқыту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Пилоттық сауалнамалар санақ жүйесінің кеңауқымды жұмысқа дайын екенін көрсетті. Ұйымдастырушылар атап өткендей, барлық дерек құпия сақталады, ал санаққа қатысу – әразаматтың ауыл болашағына қосқан үлесі.
Ақмола облысының аудандарында санақшылар жұмысын қамтамасыз ету, техникалық жабдықтау, көлікпен қамту, нақты мекенжайларды анықтау, сауалнама жүргізуге қолайлы орындарды белгілеу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр.
Бұл сөздер тек ұран ғана емес – өміршындығы. Аграрлық сала – еліміздің экономикасы мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізі. Сондықтан бұл саланың артында нақты адамдар, еңбеккерлер, отбасылар тұр. Солардың үні естіліп, еңбегі бағалануы үшін дәл осындай санақ маңызды.
Қазір ауыл тұрғындары бұл бастаманы бұрынғыдай формалдылық емес, өз өмірін, мәселесін, еңбегін көрсетуге мүмкіндік ретінде қабылдай бастады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова