Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқмола облысында әкімнің орынбасары жауапқа тартылды. Шенеунік прокурордың талаптарын орындамаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, әкім орынбасары Қосшы қаласының прокуратурасымен бюджеттік заңнаманы бұзу бойынша прокурордың ұсынуына уақытылы жауап бермеген. Сондай-ақ прокурорға оның қаралатын уақыты мен орны туралы хабарламаған. Осы үшін әкімнің орынбасары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша 370 000 теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес прокурорлық қадағалау және ден қою актілері олар жіберілген органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың қарауы, орындауы үшін міндетті. Лауазымды тұлғаның прокурордың ұсынуын қараусыз қалдыруы немесе онда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдамауы, сонымен қатар уақытылы жауап бермеуі (ӘҚБтК-нің 664-бабы) 8 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғады. Сондай-ақ прокурордың қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы хабарламауы немесе уақтылы хабарламауы (ӘҚБтК-нің 666-бабы) 200 АЕК-ке дейін мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғады делінген прокуратура мәліметінде.
Егер прокурорлық қадағалау актілерін орындамау азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, онда бұл Қылмыстық кодекстің 381-бабы бойынша қудаланады. Осыған ұқсас бұзушылық бойынша жергілікті атқарушы органда тағы 2 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары