6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқмола облысының әкімі Марат Ахметжанов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп кешенінде өңдеу өнімінің үлесін 70 пайызға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасының қалай іске асып жатқандығын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімнің айтуынша, бүгінде бұл көрсеткіш өңірде 28 пайызға ғана жеткен. Қойылған міндетті орындау үшін бірқатар шара қолданылып жатыр.
Өңірде 73 өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Тамақ өнімдерін өндіру 8 пайызға өсті. 2026 жылға дейін 290 миллиард теңгеге 71 инвестициялық жоба іске асырылады, - деді өңір басшысы.
Сондай-ақ 130 кәсіпорын елорданың 44 ірі сауда орталығына экологиялық таза өнім жеткізеді. Бұған шамамен 38 мың тонна сүт өнімдері, 25 мың тонна ет өнімі, 210 миллион жұмыртқа кіреді.
Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына 1,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл – 215 жаңа жұмыс орны және 198 бизнес-жобасы. Біз осы жұмысты жалғастыратын боламыз, - деп атап өтті Марат Ахметжанов.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі