Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана – Ерейментау – Шідерті тас жолының 16-200 шақырымы (Астана қаласының учаскесі – Павлодар облысының шекарасы) мен Астана – Ерейментау – Шідерті тас жолының 200-254 шақырымында (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті елді мекені) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша шектелді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, делінген «ҚазАвтоЖол» АҚ хабарламасында.
Комапания жабылған республикалық маңызы бар тасжолға шыққаны үшін 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік, сонымен қатар 15 тәулікке дейін қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілік белгіленгенін еске салды.
Қосымша ақпаратты «ҚазАвтоЖол» АҚ тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының «1403» қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?