Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСтепногор қаласында ер адамды тоқ соғып, «қол-аяғының электрлік күйігі» диагнозымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол кәсіпорындардың бірінде электрик боп жұмыс істеген.
Анықталғандай, ер адам қаладағы кәсіпорындардың бірінде электрик болып жұмыс істеген. Өндіріс орнында трансформаторды жөндеу кезінде ток соққан. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 1-бөлігі бойынша («Еңбекті қорғау заңнамасының бұзылуы») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріп жатыр, - деді ведомстводан.
Айта кетейік, 2022 жылы республика кәсіпорындарында 1465 адам зардап шегіп, оның 203-і қаза тапты. Жыл сайын статистика органдары еңбек жағдайлары бойынша іріктеп тексеру жүргізеді.
Оның нәтижелері бойынша 2022 жылы зерттелген 1,6 млн жұмыскердің 386 мыңы немесе әрбір төртіншісі (21,3%) зиянды факторлардың әсерінен, соның ішінде шу мен діріл деңгейінің жоғарылауынан әрбір екінші адам (46,8%), жұмыс аймағының жоғары газдануы мен шаңдануының әсерінен – әрбір үшінші (33,2%) және қолайсыз температуралық режимнің кесірінен – әрбір алтыншы (16,7%), ауыр дене еңбегімен айналысқан 102,7 мың адам (6,1%) зардап шегіп, зиянды жұмыс жағдайларында еңбек еткен.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды