Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқмола облысында құрылыс жұмыстары кезінде 49 жастағы ер адамның қолын бетон араластырғыш жұлып әкетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаменінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығындағы медициналық мекеменің қызметкері хабарласқан.
Ол станционарға «оң жақ білектің үштен бір бөлігінің травматикалық ампутациясы, оң жақ иықтың жабық сынуы» диагнозымен ер адам жеткізілгенін айтты.
Анықталғандай, жазатайым оқиға биылғы 28 наурызда болған. Құрылыс жұмыстары кезінде ер адамның қолы бетон араластырғышқа қысылып қалған. Зардап шеккен Щучинск қаласының 49 жастағы тұрғыны ауруханаға жатқызылды. Полиция басқармасы осы дерекке қатысты ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деді ведомстводан.
Сонымен бірге, қазіргі кезде мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан тексеріс қолға алынып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек