23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақмола полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
7 қаңтарда сағат 15:00 шамасында Астана - Петропавл автожолының 265-шақырымында патрульдік полиция батальоны «Тұлпар 10» экипажының мүшелері Руслан Қасқұлақов пен Жақсылық Байдулин DAF маркалы автокөлігін көрді. Петропавл қаласына бара жатқан елорда тұрғыны рульді басқара алмай, кюветке аударылып кеткен. Автожолдың осы учаскесіне мониторинг жүргізген тәртіп сақшылары жүргізушіге көмекке асықты. Өтіп бара жатқан Урал маркалы автокөлік жүргізушісінің көмегіне жүгінген полицейлер елорда тұрғынына кюветтен шығуға көмектесті.
Ал 8 қаңтарға қараған түні ауа райының қолайсыздығына байланысты 424 автокөліктен, оның ішінде 382 жеңіл және 42 жүк көлігінен тұратын колоннаны Щучинск қаласынан Астанаға дейін жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов басқарды.
Екі күннің ішінде Ақмола полицейлері 988 көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік