20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқмола полицейлері көлік ұрыларын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
27 шілдеде жергілікті тұрғын Есіл ауданының полиция бөліміне хабарласып, үйдің ауласынан сағат 13:00 шамасында оған тиесілі DODGE автокөлігін белгісіз адамдар ұрлап кеткенін хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, екі ер адам көлікті сатып алатындықтарын айтып, тексеру үшін ауланы айналып айдап көрмек болған. Алайда рөлге отырған күдіктілер белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Көп ұзамай полиция қызметкерлері бұл көлікті Жақсы ауылына қарай жоғары жылдамдықпен келе жатқанын анықтады. Алматы – Екатеринбург автожолында 980 шақырымға дейін қудалау нәтижесінде автокөлікті Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Санжар Қожеғұлов пен Ерлан Дарбаев ұстады.
Көлікті ұрлап кетпек болған Астана қаласының екі тұрғыны ұсталып, Есіл ауданының полиция бөліміне жеткізілді, олардың біреуі бұрын 190-бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?