Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ақмолалық спортшыларды қысқы Азия ойындарындағы тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қысқы Азия ойындарындағы тарихи жеңісімен ақмолалық спортшылар мен олардың бапкерлерін шын жүректен құттықтаймын! Біздің шорт-трекшілер Қазақстан спортының жаңа парағын ашып, 5000 метрлік эстафетада Азия ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды! Әсіресе, бұл жеңіске ақмолалық жерлестеріміз – Денис Никиша мен Мерсаид Жақсыбаевтың өз үлестерін қосқаны біз үшін үлкен қуаныш. Олардың шеберлігі, жеңіске деген жігері мен жанкешті еңбегі елімізге жоғары марапат әкелді!, - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, ол өңірдің қыздары да күміс медаль жеңіп алып, керемет жетістікке жеткеніне тоқталды.
Ольга Тихонова мен Яна Ханның осы жеңіске қосқан үлесіне мақтанамыз! Бұл жеңістер – спортшыларымыздың талантының, қажырлы еңбегі мен биік белестерді бағындыруға деген ұмтылысының айқын дәлелі. Олар жастарға үлгі болып, бәрімізге жігер береді! Спортшыларымызға зор денсаулық, жаңа жетістіктер және ең биік спорттық тұғырларды бағындыруды тілеймін!, - деп жазылған облыс әкімінің құттықтауында.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс