23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқмола облысының 8 ауданында су тасқынының қаупі төмендеді. Бұл туралы республикалық штабта өткен брифингте облыстық ТЖД бастығының орынбасары Әсет Жақсылықов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спикердің айтуынша, Атбасар, Астрахан аудандарында Жабай, Колутон, Бақсық өзендеріндегі су деңгейі сыни көрсеткіштерден төмендеп, жағдай тұрақталды. Келер қауіп жоқ. Сонымен қатар Жарқайың, Есіл аудандарының Есіл өзенінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖ департаменті еріген қар суын сору және бұру, өзендер деңгейін мониторингтеу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 8 ауданда су тасқынының шыңы өтті, жағдай тұрақталды. Агломерация аймағында су тасқыны қаупі де төмендеді, - деді спикер.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады