Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқмола облысы Астананың азық-түлік белдеуі ретінде еліміз үшін маңызды стратегиялық аймақ, ол елорда мен басқа да өңірлерді жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде облыс елдің басты астық қоймасы ғана емес, сонымен қатар мал шаруашылығы саласын да қарқынды дамытуда. Азық-түлік белдеуінің шекаралары 300 шақырымдық аймақты қамтиды, оған облыстың 17 ауданы кіреді. Қазіргі уақытта өңірдегі 125 кәсіпорын астанаға тұрақты түрде ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен айналысады. Олардың арасында 106 мал шаруашылығы өнімдерін өндіруші (ет пен сүт өнімдері), 3 құс шаруашылығы кәсіпорны (құс еті мен жұмыртқа), сондай-ақ 16 ұн тарту зауыты бар.
Қазіргі таңда күн сайын астанаға 130 тонна сүт өнімдері, 80 тонна ет және 700 мың жұмыртқа жіберіледі. Алайда, өңірде бұл көрсеткіштерді арттыру міндеті тұр: сүт өнімдерінің көлемін күніне 160 тоннаға, етті 100 тоннаға, ал жұмыртқаны 1 миллион данаға дейін ұлғайту көзделген.
Сүтті мал шаруашылығын дамыту өнім жеткізілімін арттыруға ықпал етеді. Өткен жылы облыста 5 ірі сүт фермасы іске қосылды, олар жалпы 5 мың басқа арналған. Биыл қаңтар айында «Родина» агрофирмасы Орталық Азиядағы ең үлкен сауын карусельді іске қосты, бұл жүйе өңірде теңдесі жоқ. Бұл жоғары технологиялық жүйе бір мезетте 80 сиырды сауып, өндіріс өнімділігін айтарлықтай арттырады. Биыл тағы 1200 басқа арналған екі сүт фермасы салынуда, бұл сүт өндірісін 40 мың тоннаға, яғни 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді, — деп атап өтті облыс әкімі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары