Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Астана – Петропавл» автожолының 243-шақырымында «Hyundai Elantra» және «ВАЗ-2107» көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Апат салдарынан «ВАЗ-2107» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.
Ал «Hyundai Elantra» көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазір бұл фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп жазылған Ақмола облыстық ПД таратқан ақпаратта.
Ақмола облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдықты асырмау, арақашықтықты сақтау, қарсы жолаққа шықпау және жолда мұқият болу қажеттігін ескертіп отыр. Сондай-ақ, көлік көп жүретін болатын аумақтарда аса сақ болу маңызды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек