Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, қайғылы оқиға 6 маусым күні сағат 11:00 шамасында Қостанай – Әулиекөл – Сурған автожолында болған.
Салонында 4 жолаушысы бар Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі, оның үшеуі оның кәмелетке толмаған балалар, рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Көкшетау қаласының тұрғынының басқаруындағы, қарсы келе жатқан Renault жүк көлігімен соқтығысқан. Сонан соң минивэн Атбасар қаласының тұрғынының басқаруындағы DAF фурамен бетпе-бет соқтығысқан, - делінген мәліметте.
Апат салдарынан 46 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі мен оның 2013 жылы туған ұлы қайтыс болды. Минивэннің тағы үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары