6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқмола облысында полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, туыстарына тапсырды. Ол Бестөбе ауылындағы шахтаға түсіп, алтын іздеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
17 жасар жасөспірімнің хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы 16 қыркүйекте Степногорск қаласының полиция басқармасына арыз келіп түсті. 11-сынып оқушысы сабаққа келмеген, сондықтан мұғалімдер дабыл қаққан. Ол 13 қыркүйектен бастап мектепке бармағаны белгілі болды.
Полиция қызметкерлері дереу қажетті жедел және іздестіру шараларын бастады. Жоғалған жасөспірімнің таныстары зерделенді, ата-аналары, жақын туыстары мен достарынан сұрақ-жауап алынды. Полиция жас жігіттің Бестөбе ауылы маңында екенін, оның шахтаға түскенін анықтады.
17 қыркүйекте кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері анықталып, ол туыстарына аман-есен табысталды. Жас жігіт алтын іздеу үшін шахтаға түскенін айтты. Полиция қызметкерлері жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды, - делінген полиция хабарламасында
Кәмелетке толмаған баланың өзі қорғалатын объектіге заңсыз кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі