6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқмола облысында жоғалған 72 жастағы қария аман табылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгін ТЖМ құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Ақмола облысында белгісіз бағытқа кетіп, бір тәулік бойы байланысқа шықпаған 1953 жылы туған тұрғынды іздеуге шыққан болатын. Туыстары қарт адамның есте сақтау қабілеті бұзылғанын және оның қозғалыс сенсоры бар екенін хабарлаған.
Датчик соңғы рет Сарқырама өзенінің маңында белгі бергендіктен, жедел-құтқару жасағы сүңгуірлерді шақырған. Алайда іздестіру барысында құрылғы басқа жерден сигнал беріп, іздеу тобы тұрғынды салынып жатқан демалыс аймағындағы киіз үйден табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады.
Бұл ретте ТЖМ қарт адамдарды қараусыз қалдырмауға шақырады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі