23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақмола облысында жалған банкноттарды айырбастауға әрекеттенген жағдай тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
27 қараша күні облыстың бір ауданындағы Халық банкінің филиалында 21 жастағы жас жігіт кәдесый ретінде дайындалған жалған қаражатты айырбастамақ болды. Қырағы банк қызметкерлері күмәнді банкноттарды байқап, дереу құқық қорғау органдарына хабарлады.
Тексеру нәтижесінде жігіт жалпы сомасы 1 мың АҚШ долларын құрайтын 10 жалған купюраны айырбастауға тырысқаны анықталды. Қазіргі уақытта банкноттардың шығу тегі мен түпнұсқалығын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес, жалған ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, өткізу немесе ауыстыру үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер қылмыс топпен ұйымдастырылып, ірі көлемде немесе бірнеше рет жасалса, мүлкі тәркіленіп, жаза мерзімі 10 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Ал ұйымдасқан қылмыстық топ үшін бұл мерзім 12 жылға дейін ұлғаяды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік