Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі9 наурыз күні сағат 02:26-да Целиноград ауданының Талапкер ауылында 100 шаршы метр алаңда техниканы сақтауға арналған шағын бөлмеде өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, қызыл жалынды ауыздықтауға Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 4 құтқарушы және 1 бірлік техникасы Астана қалалық ТЖД жеке құрамынан 14 құтқарушы және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Өрт сөндірушілер өрттің газ-жанармай құю станциясының моноблогына таралуына жол бермеді, сондай-ақ 2 КамАЗ-ды, 2 тиегішті және 1 газ тасымалдағышты өрттен құтқарды, 10 газ баллон шығарылды, - делінген мәліметте.
Өрт сағат 03:24-те оқшауланды, сағат 03:54-те жойылды. Ал күзетші Астана қалалық №1 ауруханаға жеткізілді.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс