6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКөкшетауда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» сараптамалық клубының жиыны өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу Ақмола облысында Ұлттық құрылтайдың IV отырысын ұйымдастыру және өткізу туралы ұсыныс енгізуге арналды.
Кеңеске Ұлттық құрылтай мүшелері, Парламент Мәжілісінің және облыстық мәслихат депутаттары, Ақмола өңірінің зиялы және сараптамалық-академиялық қауымдастығы және Қазақстандық қоғамдық даму институты сарапшылары қатысты
Қатысушылар өңір зиялыларын толғандырған өзекті мәселелерді, облыстық газеттерде «Көкшетау. Құрылтай-2025» айдарын іске қосып, Ұлттық құрылтайдың алдағы жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету туралы талқылады.
Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын өткізу бойынша арнайы жұмыс тобының құрамына Ақмола облысының түрлі салаларынан жоғары білікті мамандар, азаматтық сектордың белсенді өкілдері енеді. Біздің мақсат - Ақмола облысының 20 ауданын толықтай жұмылдыра отырып
үйлестіру жұмыстарын лайықты деңгейде жүргізу, - делінген мәліметте.
Отырыс нәтижесінде қатысушылар нақты мәселелерге тоқталып, бірқатар ұсыныстар енгізді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі