Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыРеспублика күніне орай Ақмола облысының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Көкшетаудың Орталық алаңында Мемлекеттік туды жаю акциясын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, «Менің Елім-Менің туым» акциясына «Жастар Рухы» Жастар қанатының мүшелері мен 55:10 әскери бөлімінің оркестрінен құралған 250-ден астам адам қатысты. Жиналғандар Мемлекеттік туға және Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін білдіру үшін алаңға ұзындығы 24 метр, ені 12 метр болатын туды алып шықты.
«Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Сұлтанбек Бекешов атап өткендей, Мемлекеттік ту – егемендігіміз бен біртұтастығымыздың символы. Оны құрметтеу кез келген қазақстандықтың міндеті.
Біз осынау акцияға жастардың белсенділік танытып, бір адамдай болып қатысқанына қуаныштымыз. Бұл біздің жастарымыздың уақытпен бірге жүруіне және ұлттық дәстүрлерімізге деген құрметін көрсетеді. Мемлекеттік туымыз әрқашан біздің бірлігіміз бен күшіміздің символы болып қала береді. Әрбір отандасымыз өз Отанымен және онымен байланысты барлық нәрселермен мақтана алатын болады, – деді Сұлтанбек Бекешев.
Айта кетсек, бұдан бұрын Республика күніне орай Ақмола облысының 49 950 тұрғынына материалдық қолдау көрсетілетінін жазған едік.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді