23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПрезидент тапсырмасына сәйкес, елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жалғасуда. Осы бағытта Ақмола облысында сумен жабдықтау жүйесін дамытуға Арнаулы мемлекеттік қордан 21,5 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгінде өңірде 28 жоба жүзеге асырылып жатыр. Зеренді ауданындағы 10 ауылда (Ақадыр, Жылымды, Қанай би, Көктерек, Садовое, Троицк, Васильковское, Өркен, Өзен және Баратай) жаңа су құбыры желілері салынып, қолданыстағылары жаңғыртылуда. Бұл жұмыстарға 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Ең ірі жобалардың бірі — Өркен кентіндегі ұзындығы 6 шақырымды құрайтын сумен жабдықтау жүйесі. Жобаның құны — 583 млн теңге.
Сондай-ақ, облыстың 9 ауданында жалпы 2,3 млрд теңгеге жуық сомаға жаңа су көздері салынып, жүйелер реконструкциялануда. Нысандар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек.
Сандықтау ауданында 22,3 шақырым топтық су құбыры салынып жатыр. Бұл мақсатқа 200 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, Нұра топтық су құбыры мен Покровское – Талапкер – Қажымұқан бағытындағы су жүйелерін реконструкциялау жобалары іске асырылуда. Екі жобаның жалпы құны — 9,5 млрд теңге.
Қазіргі таңда Ақмола облысында сумен жабдықтау көрсеткіші қалаларда 99%, ауылдық елді мекендерде 96,6% құрап отыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады